Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Марғау көзін ашқан кезде

Марғау көзін ашқан кезде

Қай кезде жаңа туған марғау осы дүниені көре бастайды? Мақалада марғаулардың көру қабілеті қалай қалыптасатыны туралы айтамыз.

Марғаулар мүлдем соқыр және керең болып туады — өмірінің алғашқы күндерінде олар мысық ананың жылуына және оның сүтінің иісіне бағдарланады. Осы кезде кішкентайлардың қабағы бір біріне жабысып тұрады және кішкентай саңылауларға ұқсайды.

Туғаннан кейін 5-ші — 16-шы күн арасында марғау көзін аша бастайды. Ол қаншалықты тез болатынына бірнеше фактор әсер етеді.

Тұқымы

Тақыр және жүні қысқа тұқымды марғаулар көздерін жүні ұзындарға қарағанда тез ашады.

Көзін бәрінен ерте ашатындар девон-рекс тұқымды марғаулар — 4-5, ал кейде тіпті екінші тәулікте. Сфинкс марғаулары бұл дүниені алтыншы тәулікте көре бастайды. Ал рэгдолл тұқымды кішкентайлар көздерін туғаннан екі апта өткен соң, ал кейде одан да кеш ашады.

Мысық-ананың жүктілік мерзімі

Егер мысық ерте туса, марғаулар көздерін әдеттегі мерзімнен кешірек ашуы мүмкін, ал егер балалар ұзақ көтерген болса, ол тезірек болады.

Кішкентайдың жынысы

Статистика бойынша ұрғашы марғаулар көздерін еркек марғаулардан ертерек ашады.

Марғау көзін ашпаса, не істеу керек

Егер марғау көзін алғашқы екі аптада ашпаса, бұл алаңдауға себеп емес. Егер 14 күн өткен соң марғаудың көзі әлі жабық болса, оның көздерін қантсыз қара шайға малынған шүберекпен сүртіңіз де, содан кейін ақырындап ашып көріңіз. Қолыңыздан келмесе, қатты тырыспаңыз, одан да кеңес алу үшін ветеринарға барыңыз.

Қабақтың бітіп өсуі

Егер марғау екі аптадан артық уақыт көзін ашпаса, мүмкін, оның қабақтың бітіп өсуі сияқты патологиясы болуы мүмкін. Бұл аурудың негізгі белгілері — қабақтың ісінуі және оның шеттеріндегі ірің. Бұл жағдайда кішкентайдың көздерін қара шаймен сүртіңіз. Егер бұл көмектеспесе, ветеринарлық клиникаға барыңыз.

Конъюнктивит

Көздерінің ісінуі және іріңнің бөлінуі — бұл конъюнктивиттің де белгілері. Арнайы ерітінділерді пайдаланыңыз — бір екі тәуліктен кейін олар жағдайды жақсартады. Осындай ерітінділерді таңдаған кезде ветеринардан кеңес алған жөн.

Марғау көзін қалай ашады

Жаңа туған марғаулардың көздері толық жабық болады. Содан кейін көздің ікңі бұрышынан шағын саңылау пайда болады, және содан барып 1-3 күн өткен соң көздері толық ашылады. Алғашқы күндері марғау тек қана жарық пен қараңғыны ғана ажырата алады. Кішкентайдың толыққанды көру қабілеті 6 аптада қалыптасады — сол кезде марғау белсенді түрде әлемді зерттей бастайды. Барлық жаңа туған марғаулардың көз түсі бірдей сұр көк, ал «өз» түсі 9-шы мен 12-ші апта арасында қалыптасады.

Марғаудың көзін аша алмауы қаншалықты ұзақ болады

Екі аптадан астам уақыт күтіңіз — егер осы уақытқа қарай марғаудың көзі әлі жабық болса, және оның үстіне қабынып тұрса, онда ветеринардан кеңес алу жөн болар.

Сіз құртақанның көздерін қара шаймен сүртіп, оны абайлап ашып көрсеңіз болады. Қара шай көз жасаураған кезде немесе онда былшық пайда болған кезде де көмектеседі. Егер жуып шаю көмектеспесе — ветеринарға жүгініңіз.

Міндетті түрде жаңа туған марғаудың көзін тікелей түскен жарық күн сәулесінен қорғаңыз! Марғаулар көздерін аша бастаған кезде жарықты көмескі еткен дұрыс, өйткені мысық ана өз кішкентайларын қараңғы жерге тасудың қамын ойластырады.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Марғау үшін қандай екпелер қажет
Марғау үшін қандай екпелер қажет

Марғауға екпелер жасау міндетті түрде қажет. Осы мақалада біз сіздің мамықтай досыңызға қандай екпелер қажет екенін, оған зиян келтірмей, екпені қалай дұрыс жасау керектігін айтамыз.

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)