Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Марғау үшін қандай екпелер қажет

Марғау үшін қандай екпелер қажет

Марғауға екпелер жасау міндетті түрде қажет. Осы мақалада біз сіздің мамықтай досыңызға қандай екпелер қажет екенін, оған зиян келтірмей, екпені қалай дұрыс жасау керектігін айтамыз.

Марғауға екпе қажет пе?

Үй жануарының вакцинациясы міндетті — оны ветеринарлар растайды. Екпесіз кішкентайдың ағзасына бүкіл мүмкін инфекцияларды жеңу қиынға соғады. Вакцинада антигендер — вирустың әлсіретілген жасушалары бар, олардың арқасында марғаудың иммундық жүйесі вируспен күресуді үйренеді. Иммундық жүйе осы вируспен қайта кездескен жағдайда, оның қорғану үшін ресурстары бар болады. Алайда бұл механизм уақыт өте келе әлсірейді, сондықтан екпені үнемі жасап тұру қажет.

Кішкентайға қандай екпелер қажет

Марғау кең таралған аурулардың екпелерін алуы тиіс — панлейкопения, ринотрахеит, хламидиоз, калицивироз, құтыру.

Барлық тұқымды марғаулар үшін екпелер жинағы бірдей болады.

Бірінші екпені қашан жасау керек

Алғаш рет марғауды 8-9 аптада егу керек. Екпе жасау алдында ішек құрттарына қарсы тазарту керек. Екінші екпе 3-4 апта өткен соң жасалады.

Егер сіз кішкентайды мысық өсірушіден алсаңыз, міндетті түрде оның марғауға екпе жасады ма, жоқ па, соны сұраңыз. Егер жасаған болсаңыз, онда сізге бір жыл өткен соң қайта вакцинация жасау керек.

Егер марғауды даладан тауып алсаңыз, екпені міндетті түрде жасауыңыз тиіс. Екпе үшін 3-4 апта аралықта кешенді вакцина жасауға кеңес береміз.

Екпе алдында

Ішек құртына қарсы тазартыңыз — марғауға дәрі немесе суспензия беріңіз. Жануардың салмағына қарай дәрі мөлшерін қалай есептеу керектігі айтылған қаптамадағы нұсқаулықты міндетті түрде оқып шығыңыз. Екі апта үзіліс жасап, екі рет тазартқан дұрыс. Егер сіз оны бір-ақ рет жасасаңыз — ештеңе емес.

Ішек құртынан тазартуды марғау пәтердің сыртына шықпаған жағдайда да жасау керек: өйткені ішек құртының жұмыртқалары аяқкиіммен үйге келуі мүмкін.

Егер сіз екпе алдында ішек құртынан тазарту жүргізбесеңіз, бұл денсаулыққа қиындықтар туғызуы мүмкін. Паразиттері бар марғауларда вакцинаға деген дұрыс иммундық жауап қалыптаспайды.

Кесте

Біз сіздің жануарыңыз үшін екпелердің шамамен алынған кестесін құрастырдық. Тек қана соған сүйенуге болмайды — вакцинация кезеңдерін ветеринарлық дәрігермен талқылап, содан кейін жеке екпе кестесін құрастырған дұрыс.

  • 4–6 апта — ішек құртынан алғаш рет тазарту
  • 6–8 апта — ішек құртынан екінші рет тазарту
  • 9 апта — алғашқы кешенді вакцинациялау
  • 10–12 апта — ішек құртынан үшінші рет тазарту
  • 12 –14 апта — екінші кешенді вакцинациялау

Жылына бір рет сіздің жануарыңызға профилактикалық екпе қажет болады. Марғаудың паспортына екпелер туралы деректерді енгізіп отыруды ұмытпаңыз. Дәрігер ветпаспортқа жасалған екпе туралы мөртабан қоюын қадағалаңыз. Егер мөртабан болмаса, онда сізді ұшақ бортына кіргізбеуі мүмкін, өткені тасымалдаушы компаниялар екпелер туралы анықтаманы талап етеді.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Марғау көзін ашқан кезде
Марғау көзін ашқан кезде

Қай кезде жаңа туған марғау осы дүниені көре бастайды? Мақалада марғаулардың көру қабілеті қалай қалыптасатыны туралы айтамыз.

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)