Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Марғауға жаңа орынды қалай тапса болады

Марғауға жаңа орынды қалай тапса болады

Кішкентайды жақсы қолға тапсыру мәселесі оңай емес, алайда қарапайым кеңестерді ұстансақ, жолы жеңіл әрі тез болуы мүмкін.

Табыстау әдістері

Таныстар

Ең алдымен туғандарыңыздан, достарыңыздан, таныстарыңыздан және әріптестеріңізден оларға марғау қажет пе, соны сұрап алыңыз. Тіпті егер сізге бірнеше марғауды бірден орналастыру керек болса, бәрібір таныстарыңыздан сұрап көріңіз.

Интернет

Әлеуметтік желілерге пост жазыңыз, осы сияқты контент жарияланатын қауымдастықтарды іздеп көріңіз де, постты сонда орналастырыңыз. Үнемі жануарларды орналастырумен айналысатын адамдар сізбен ақпаратты қуана бөліседі. Олардан кішкентайды жақсы қолға табыстау жолдарын біліп алыңыз.

Міндетті түрде марғаудың сапалы суретін жасаңыз — әдетте кішкентайдың жаңа қожайындары шешімді суретіне қарап қабылдайды. Егер суретте кішкентай марғауыңыз әп-әдемі болып түссе, сәтті табыстаудың мүмкіндігі айтарлықтай артады. Фотосессия алдында марғаудың жүнін тараңыз, оның көзі мен құлағын тазалаңыз.

Сіздің міндетіңіз — марғауды кімге болса, соған бере салу емес, оған жануарды шынайы сүйетін қожайындар тауып беру екенін есте сақтаңыз.

Хабарландырулар

Әлеуметтік желілерде парақшаңызға марғау үшін қожайын іздеп жүргеніңіз туралы хабарландыру жазыңыз. Достарыңыздан осы постпен бөлісуді сұраңыз. Егер хабарландыруға бірнеше жауап алсаңыз, кішкентайды бірінші болып сұраған адамға беруге асықпаңыз. Онымен сөйлесіп көріңіз, ол марғауды қандай жағдайда ұстайтынын біліп алыңыз. Бастапқы кезде құртақанға анда-санда барып тұруға келісіңіз немесе сізге суреттерін жіберіп отыруды сұраңыз.

Паналар

Марғауды панаға орналастыру, алғаш көрінгендей, оңай емес. Әдетте паналарда бос орын болмайды. Сонымен қатар, жануарлар тұратын жағдайлар қолайсыз болуы да мүмкін: ең қарапайым азық, күтім мен көңіл бөлу барынша аз, ветеринар сирек қарайды. Алайда, егер кішкентайды басқа жерге орналастыру мүмкін болмаса, көшеге тастағаннан гөрі панаға орналастыру қауіпсіз болады.

Хабарландыруды сауатты жасаңыз

Кішкентайдың жасын және тегін көрсетіңіз және міндетті түрде марғау барлық қажетті ветеринарлық рәсімдерден өткенін жазыңыз.

Өз ауданыңыздың вебсайтына хабарландыру орналастырыңыз. Жеке подъезде басып шығарылған хабарландыру туралы ұмытпаңыз — әдетте жануарларды өзіне көршілер алғанды жөн көреді.

Марғауды табыстауға дайындаңыз

Марғауға жаңа қожайын іздемес бұрын, оның денсаулығы толық дұрыс екеніне көз жеткізіңіз — ол көшеден табылған емес, өз мысығыңызда туған марғау болса да. Марғауға анализдерді, қаралуды жазып беретін және қажетті екпелер жасайтын ветеринарлық емханаға барыңыз. Марғау толығымен сау болғанда және екпе алғаннан кейін оған жаңа үй іздей бастаңыз. Олай болмағанда, жаңа қожайындар жағымсыз тосын сый туралы біліп, кішкентаймен қош айтысуға асығады.

Болашақ қожайынымен танысыңыз

Кішкентайды алғаш сұраған адамға беруге асықпаңыз. Жеке кездескенде немесе телефон арқылы жануар тұратын жағдайлар туралы біліңіз: оған нақты кім күтім жасайды, пәтерде басқа жануарлар бар ма және жаңа қожайын дұрыс рационның қамын ойластыра алады ма. Егер адам сұрақтарыңызға онша жауап бергісі келмегенін және осы сатыда марғауға тиісті қамқорлық таныта алмаған болса, іздеуді жалғастыра берген дұрыс.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Марғау көзін ашқан кезде
Марғау көзін ашқан кезде

Қай кезде жаңа туған марғау осы дүниені көре бастайды? Мақалада марғаулардың көру қабілеті қалай қалыптасатыны туралы айтамыз.

Марғау үшін қандай екпелер қажет
Марғау үшін қандай екпелер қажет

Марғауға екпелер жасау міндетті түрде қажет. Осы мақалада біз сіздің мамықтай досыңызға қандай екпелер қажет екенін, оған зиян келтірмей, екпені қалай дұрыс жасау керектігін айтамыз.

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)