Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Марғаудың салмағын не үшін өлшеу керек

Марғаудың салмағын не үшін өлшеу керек

Салмақ — марғау денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Марғауды қалай дұрыс өлшеу керектігі туралы айтамыз.

Жасы келе марғаудың салмағы қалай өзгереді

Жаңа туған марғаудың орташа салмағы — 90 грамм. Алайда бұл сан 80-нен 140 грамм арасында ауытқуы мүмкін. Сол сияқты жануардың салмағы тұқымына байланысты болады. Мысалы, жаңа туған мейн-кун марғаулары 130-150 грамм болады.

1 айдағы салмақ

Марғау өмірінің алғашқы айында тезірек өседі — орташа есеппен күніне 15 граммға дейін қосады. Бір айда марғау 450-500 граммға дейін қосады.

2 айдағы салмақ

Осы кезде марғау азық жеп, су іше бастайды. Салмақ жинау біраз кідіруі мүмкін, өйткені жануар белсенді бола бастайды. Екінші айдың соңында марғаудың салмағы 1000-1500 граммға жуық болады.

3 айдағы салмақ

Кішкентай қарқынды өседі, енді оның ағзасына тұрақты түрде қатты тамақ қажет. Осы кезде еркектері ұрғашылардан салмағы бойынша ерекшеленеді: біріншілері ірірек болады. Марғаудың осы кездегі салмағы 1500-2300 граммды құрайды.

5 айдағы салмақ

Марғау төрт реттік тамақтануға ауысады және салмағы артады. Жынысы мен тұқымына байланысты бес айда жануар 2000-нан 4200 граммға дейінгі салмақта болады.

6 айдағы салмақ

Осы жаста мысықтардың басым бөлігі «ересек» салмаққа жетеді және өсуі айтарлықтай баяулайды. Тұқымына байланысты жарты жылдық мысықтар 2000-нан 4800 граммға дейінгі салмақта болады.

Марғаудың салмағын не үшін өлшеу керек?

Егер марғаудың дені сау көрінсе және күрт толып кетпесе, жүдемесе — оның салмағын білудің аса қажеті жоқ. Алайда бұны жасау керек болатын бірнеше жағдай бар.

  • Азықтың тәуліктік нормасын есептеу үшін

Мысалы, егер сіздің қолыңызға марғау түссе, оның жасын анықтау үшін және оған күнделікті қанша азық керектігін білу үшін оны өлшеу керек. Салмақты өлшеу үйде бірнеше жануар болса және сізге марғаудың үлесін басқа біреу жеп қойғандай көрінсе қажет.

  • Дәрінің мөлшерін есептеу үшін

Дәріні дұрыс мөлшерде беру үшін әдетте марғаудың салмағын білу керек, өйткені мөлшер бір килограммға шаққанда көрсетіледі.

  • Ұшақпен ұшу үшін

Ең алдымен бұл тармақ ересек және ірі жануарларға қатысты. Бір қатар әуе компанияларында ұшақ салонында тасымалданатын жануарлардың салмағына шектеулер бар. Әйтпесе жануар жүк тұратын бөлікте ұшуы тиіс болады, бұл оған стресс беруі мүмкін. Сондықтан ұшуға дейін жануарды не күтетінін біліп алған дұрыс.

Марғауды үйде қалай өлшеу керек

Жаңадан туған марғаудың мазасын алмай, өлшемеген дұрыс, егер бұған, мысалы, ветеринардың ұйғарымы сияқты маңызды себептер болмаса.

Жануар өскен кезде, оны ас үйлік таразының көмегімен өлшеген дұрыс. Егер марғау тым белсенді болса, онда оны пакетке салып, безбеннің көмегімен өлшеген дұрыс.

Сол сияқты мысықты еден таразысының көмегімен өлшеуге болады. Ең алдымен таразыға өзіңіз тұрыңыз және салмағыңызды есте сақтаңыз, содан кейін марғауды қолға алып, көрсеткіштерді көріп алыңыз. Марғаудың салмағын білу үшін жануармен тұрып өлшенген салмағыңыздан өз салмағыңызды шегеру керек.Марғаудың салмағын білу үшін жануармен тұрып өлшенген салмағыңыздан өз салмағыңызды шегеру керек.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Марғау көзін ашқан кезде
Марғау көзін ашқан кезде

Қай кезде жаңа туған марғау осы дүниені көре бастайды? Мақалада марғаулардың көру қабілеті қалай қалыптасатыны туралы айтамыз.

Марғау үшін қандай екпелер қажет
Марғау үшін қандай екпелер қажет

Марғауға екпелер жасау міндетті түрде қажет. Осы мақалада біз сіздің мамықтай досыңызға қандай екпелер қажет екенін, оған зиян келтірмей, екпені қалай дұрыс жасау керектігін айтамыз.

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)