Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Марғау үшін табақты қалай таңдау керек

Марғау үшін табақты қалай таңдау керек

Марғау өзі үшін жаңа әлем ашып жатыр, енді көп ұзамай ересек сияқты тамақ жейтін болады. Сіздің титімдей мамық досыңызға табақ таңдауға көмектесеміз.

  • Марғау үйдегі өзінің су мен азық тұратын тұрақты бұрышы қайда екенін білуі тиіс.
  • Кішкентай 4 аптаға келгенде, оны марғауларға арналған азыққа ауыстыруға болады.
  • Сізге үш табақ қажет болады: азыққа арналған екі тайпақ және суға арналған бір терең. Азық үшін ылғалды және құрғақ азыққа арналған екі бөлігі бар бір табақ алуға болады.
  • Сіздің жануарыңыз табақты аударады деп қорықсаңыз, мысықтарға арналған ауырлатылған ыдыс сатып алыңыз.
  • Бәрінен бұрын керамикалық, шыны немесе металл табақтар алған дұрыс. Ал пластмассалық ыдыс иістерді сіңіреді.
  • Егер сіз жиі шығып кететін болсаңыз, ал марғауды тастайтын адам болмаса — мөлшерлеуіші бар табақ сатып алыңыз. Сонда кішкентайға тамақ әдайым жеткілікті екенін білетін боласыз.
  • Күнделікті, дұрысы күніне екі рет жануардың суын ауыстырыңыз, өйткені мысықтар лас және тұрып қалған суды ішпейді. Табақты шайып тұруды ұмытпаңыз.
  • Ыдыста микробтар көбейіп, жағымсыз иіс пайда болмас үшін ылғалды азыққа арналған табақты күн сайын мұқият жуып тұрыңыз.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Марғауды қалай дұрыс тамақтандыруға болады
Марғауды қалай дұрыс тамақтандыруға болады

Әрбір марғау иесі осы балақайдың қандай мөлшерде тамақ жей алатынына көп мәрте таңғалған шығар! Кіп-кішкентай тіршілік иесі шамасын сезу дегенді білмейді. Қалай оны аш қалдырмауға және артық тамақ жеп қоймайтындай етуге болады?

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)