Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Марғауды қалай дұрыс тамақтандыруға болады

Марғауды қалай дұрыс тамақтандыруға болады

Марғау шама дегенді білмейді және кейде кішкентай ғана мысықтың қанша тамақ жей алатынын көріп, таң қалуға болады. Марғауды қалай аш қалдырмауға болатынын және артық жеп қоюға жол бермеу туралы айтамыз.

Марғауды күніне қанша рет тамақтандыру керек

Кішкентай марғау бірден тамақтың көп мөлшерін жей алмайды. Сондықтан 2-3 айға дейінгі кішкентайды күніне 5-6 рет тамақтандыру керек — сонда оған ойынға да, тез өсуге де күш жетеді.

Алғашқы үш айында марғаулардың қаңқасы қатаяды және ас қорыту жүйесі қалыптасады — сондықтан қажетті мөлшерде ақуыздары, дәрумендері мен микроэлементтері бар алуан түрлі тамақ ол үшін маңызды. Сол жаста жануардың сүт тістері шығады және қатты тамаққа деген қажеттілігі де содан пайда болады. Осы белсенді өсу кезеңінде марғау дұрыс дамуға қажеттінің бәрін алуы керек.

Марғау 3-4 айлық жасқа жеткен кезде оны төрт реттік тамақтануға ауыстыруға, ал жарты жылдан кейін — үш реттікке ауыстыруға болады. Ал сегіз айлық жасқа келгенде жасөспірім марғау үлкен мысықтар сияқты тамақтана бастайды.

Қандай рацион керек

Марғауға қосымша тамақты екі айдан бастап енгізу керек. Сізге тамақтанудың үш түрінен біреуін таңдау керек — табиғи (тамақты өздігінен үйде дайындау керек), дайын азықтық (мысықтардың азығын сатып алу керек) немесе аралас (мысықтардың азығын үй тағамдарымен толықтыру керек).

Ең оңтайлы нұсқа — азықтық тамақтану түрі. Whiskas арнайы азықтарында өсіп келе жатқан марғау үшін барлық қажетті дәрумендер мен микроэлементтер бар. Сондықтан тамақтану дәмді ғана емес, теңдестірілген де болады, бұған тамақтанудың табиғи түрінде жету өте қиын.

Бір тамақ бергенде ылғалды және құрғақ азықты бірге араластырып берудің қажеті жоқ, өйткені оларды қорыту үшін әр түрлі уақыт керек.

Тамақтанудың қолайлы түрін таңдау үшін мал дәрігерімен кеңесіңіз. Мүмкін, рационның негізі құрғақ азық болуы мүмкін, ал ылғалды азықты марғау тәулігіне бір рет алатын болады.

Құрғақ азықпен қайтіп дұрыс тамақтандырамыз?

Бастысы — кішкентайдың суды жеткілікті мөлшерде ішуін қадағалау керек. Мысық жеген әрбір 50 г құрғақ азыққа орташа есеппен 150 мл су ішуі тиіс. Егер марғау аз ішетін болса, құрғақ азық оған негізгі рацион ретінде жарамауы мүмкін.

Марғауға нені болмайды

Үйдегі дастарханнан бәрін бірдей мысыққа жаға бермейтінін есте сақтаңыз. Осы тақырыпқа байланысты кең тараған бірнеше қате:

  • Кішкентайға сүйек беруге болмайды: ол қақалып қалуы, асқазанды немесе өңешті зақымдап алуы мүмкін.
  • Майлы, тұзды, бұрышты және қақталған тамақ марғаулардың асқазаны мен бауырына зиян.
  • Қаймағы алынбаған сүт, шикі жұмыртқа және тауықтың терісі марғаудың асқазанында тамақтың қорытылмай қалуына алып келуі мүмкін.
  • Тұщы судан ауланған балықты марғауға тек қана жылумен өңдеген соң ғана беріңіз — шикі балықта гельминттер болуы мүмкін.

Дұрыс тамақтанбау неге алып келеді

Режим мен тамақтану рационының бұзылуы марғаудың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Уақытында тамақтанбаған кішкентайда өте ыстық немесе суық тамақ жегенде гастрит немесе тіпті асқазанның жарасы пайда болуы мүмкін. Егер марғау құсатын болса, әлсіреп, азып кетіп немесе тәбеті жоқ болса, оны ветеринарға көрсетіп, рационын қайта қарастыру қажет.

Егер марғаудың көзінен жас ақса, көзі ісінсе, жөтел байқалса және тұмсығынан шырышты сұйықтық ақса — онда азықтың құрамындағы бір элементке аллергия болуы мүмкін.

Үнемі артық тамақ берілетін марғауларда қант диабеті дамуы мүмкін. Қатер тобына онша қозғала бермейтін және үнемі тамақ жегенді жақсы көретін мысықтар кіреді. Аурудың басты белгілері — үнемі аштық сезу, қышыну және әлсіздік.

Егер марғаудың жүні көп түссе, бұл рационда қажетті микроэлементтер мен дәрумендердің жетіспейтінін білдіреді. Мәселені дұрыстау үшін табиғи тамақты арнайы дәрумендермен толықтырыңыз немесе кішкентайды азықтық тамаққа ауыстырыңыз.

Марғаудың тойғанын қалай білеміз

Марғауды дұрыс тамақтандырудың басты қағидасы — жеткілікті, бірақ артық емес мөлшердегі тамақ. Мөлшердің көлемін, сол сияқты тамақтың құрамын мұқият қадағалаңыз.

Егер марғау сізді аянышты дауысымен қарсы алса, бұл оның аш екенін білдірмейді — оған жай ғана сіздің көңіл бөлгеніңіз қажет немесе оны бір нәрсе мазалап тұрған шығар.

Жануардың сыртқы түріне және жүріс-тұрысына қараңыз. Тамақтанғаннан кейін марғаудың қарны домаланып, қатаяды, бірақ қатты тырсиып тұрмайды. Құртақан мияуламай, сіздің саусағыңызды тістелеп немесе оларды емуге әрекет жасамауы тиіс.

Әдетте, марғау тамақ жеген соң қалған тамаққа қызықпай қалады. Бірақ тәбеті зор марғаулар да кездеседі, оларға артық тамақ беріп қоймау маңызды. Егер марғау тамақтанған соң шиқылдай берсе, кезекті тамақты қомағайланып бас салатын болса — демек, ол сондай. Жануарға артық тамақ бергенше, сәл азырақ берген дұрыс, өйткені үнемі артық тамақ жесе, ол ас қорытудың бұзылуына алып келуі мүмкін.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)