Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Марғауды құрғақ азыққа қалай үйрету керек

Марғауды құрғақ азыққа қалай үйрету керек

Марғау құрғақ азықтан бас тартқанда не істеу керектігін осы мақалада айтамыз. Кішкентай үшін тамақтың осы түрін жеу әлі ертерек болар.

Марғауларды ана сүтінен қалай ажыратуға болады

Марғауды ана сүтінен айырып, өздігінен тамақтануға туғанынан кем дегенде 4 апта өткен соң ғана ауыстыра бастаңыз. Осы сәтте мысық-ана кішкентайларына есею керектігін көрсете бастайды: марғаулар оның сүтін емгісі келген кезде ол ішіне жатып алады немесе кетіп қалады.

Қосымша тамақты Марғауларға арналған ылғалды Whiskas® азығынан бастау керек, өйткені кішкентай тамақты кеміруге әлі үйренбеген және оған құрғақ азықты қабылдау қиынға түседі.

Азыққа ауысуға дайын болған марғау өзі тамаққа қызығады: саусағыңызға біраз азық алып, марғауға иіскеуге немесе жалауға беріңіз.

Осыдан кейін Марғауларға арналған Whiskas® азығын табаққа салуға болады, бірақ қаптаманың жартысынан көп емес.

Марғау жиі — шамамен күніне 6 рет — және шағын мөлшерде тамақтанғанын қадағалаңыз. Оны бір уақытта тамақтандыруға тырысыңыз.

Марғауды құрғақ азыққа қалай үйрету керек

Біртіндеп әрекет етіңіз: марғауларға арналған Whiskas® құрғақ жастықшалардың біразын сулап, езіңіз де, ылғалды азыққа қосыңыз. Үйрету процесі 5-7 күнді алады.

Екі айлық марғауды күніне 6 рет, ал кейін күніне 4-5 ретке дейін тамақтандыру керек.

Марғауға ылғалды да, құрғақ та азықты беруге кеңес береміз. Үш айлық марғау үшін күнделікті норма — 1 қаптама марғауларға арналған Whiskas® және марғауларға арналған 35 грамм құрғақ Whiskas® .

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Марғауды қалай дұрыс тамақтандыруға болады
Марғауды қалай дұрыс тамақтандыруға болады

Әрбір марғау иесі осы балақайдың қандай мөлшерде тамақ жей алатынына көп мәрте таңғалған шығар! Кіп-кішкентай тіршілік иесі шамасын сезу дегенді білмейді. Қалай оны аш қалдырмауға және артық тамақ жеп қоймайтындай етуге болады?

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)