Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!

Көмектескің келеді, бірақ үйге жануар ала алмайсың ба? Жануарлар үйіндегі жануарларға қамқорлық жаса! Жануарларға үй жылуын сыйла!

MARS – жануарлар азығын өндіретін жетекші халықаралық компаниялардың бірі. Mars Petcare сегменті – бүкіл әлем бойынша 400 миллион үй жануарының өмір сапасын жақсартудың қамын ойлайтын шамамен 85 000 қызметкер. Компания өнімдерінің портфеліне PEDIGREE®, WHISKAS®, CHAPPI®, KITEKAT®, SHEBA®, DREAMIES®, PERFECT FIT® және т.б. сияқты брендтер кіреді.

Неге сіздің көмегіңіз маңызды

Ежелгі заманнан бері дәмді тамақ сүйіспеншілік пен қамқорлықты білдірудің ең жақсы тәсілдерінің бірі болған. Тамақ ағзаның қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілі ғана емес, сонымен қатар жайлылық сезімін береді ... тура үйдегідей!

Алайда, бұл өмірде өзінің жайлы ошағын табу бақыты бәріне бірдей бұйырмаған. Біздің төрт аяқты достарымыздың көбі әлі де өз үйлері мен шынайы достарын табуға үмітті.

Күн сайын еріктілер мен жануарлар үйінің қызметкерлері өз қамқорлығындағыларды сапалы азықпен қамтамасыз етуге тырысуда. Бірақ, өкінішке орай, ресурстар шектеулі және жануарлар үйі көбінесе сырттан келетін қолдау мен көмекке зәру.

Сондықтан, MARS компаниясы MAGNUM супермаркеттер желісімен бірлесе отырып, қайырымдылық акциясын бастайды. Соның аясында жануарлар үйіндегі жүздеген жануардың өмірін айтарлықтай өзгерте аласыз, оларды лайықты азықпен қамтамасыз етіп, қамқорлық таныта аласыз.

Жобаның мақсаты

Бұл жобаның мақсаты – Қазақстандағы жануарлар үйіне көмектесу, панасыз үй жануарларының өмірін сауықтырып, жақсартуға көмектесетін теңгерімді азықпен қамтамасыз ету!

Қайырымдылық қайда жұмсалады?

Қайырымдылықпен келген азықтар «Котопес», «Новый шанс» және «Хвостатый рай» жануарлар үйінің мамық тұрғындарына беріледі. Олардың әрқайсысымен MARS компаниясы бес жылдан астам уақыт ынтымақтастықта.

Бұл қайырымдылық ұйымдарының басты мақсаты – көшеде қалған жануарларға көмектесу. Көшелердегі панасыз жануарларды құтқару, жануарлар үйіне орналастыру, тұрақты медициналық тексеруден өткізу, әлеуметтендіру және отбасыларға орналастыру – осының бәрі бұл ұйымдардың негізгі жұмысы болып табылады.

Бүгінгі таңда аталған жануарлар үйлерінде 670 ит, 123 мысық, тіпті бір есек бар.

Өз үлесіңізді қалай қоса аласыз?

Қайырымдылық жасау оңай! Magnum-ға барып, арнайы жинау пунктінде қайырымдылыққа азық қалдырсаңыз болғаны. Сіз бұны келесі Magnum дүкендерінде жасай аласыз:

  • Радостовец көшесі, 292
  • «Жетісу-3» ықшам ауданы, 1г
  • Демьян Бедный көшесі, 3

Ал MARS компаниясы азықтардың бәрін тиісті орнына жеткізуді қамтамасыз етеді. Сіз сондай-ақ Magnum сапалы өнімдерінің кең ассортиментінен үй жануарларына арналған азықты сол жерден сатып алып, оны бірден қайырымдылыққа тапсыра аласыз!

Бірлесіп, мамық достарымызға денсаулық, қуаныш пен махаббатқа толы әлем сыйлайық! Акцияға қосыл! Үйі бардың сезімін сыйла!

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)