Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Мысық үшін дұрыс тамақ

Мысық үшін дұрыс тамақ

Мысық бағатындардың өз жануарын тамақтандыруға қатысты көптеген сұрақтары туындайды: немен тамақтандыру керек, қаншалықты жиі, қанша азық беру керек, жануарға үстелден тамақ беруге бола ма және тағы басқа. Мамандардың бірнеше кеңесін бір мақалаға жинақтадық.

Дайын рационмен тамақтандырыңыз

Мысыққа не берген пайдалы: үстелдегі тамақты ма немесе дайын рационды ма? Мысықтардың тамақтануы бойынша мамандар және ветеринарлар мысық денсаулығына екінші нұсқаның пайдасы көп деген пікірде.

Бұл теңдестірілген дайын азықта жануарға қажетті ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттардың қажетті мөлшері бар екенімен түсіндіріледі. Егер дайын азықтың қаптамасында «Толық рационды азық» немесе «Теңдестірілген рацион» деген жазу бар болса, ол азықта жануарға қажеттінің бәрі бар дегенді білдіреді. Бұл мысықтың тамақтануы дастарханнан тамақ беру немесе минералды дәрумендік кешендер беруді қажет етпейтінін білдіреді.

Мысыққа дастарханнан тамақ беруден бас тартудың тағы бір себебі — ол тамақтың тұздарға, майларға, дәмдеуіштер мен басқа заттарға толы болуында. Бұл тамақ өнімдері жануардың ішек-қарын жолының жұмысының бұзылуын тудырады және зат алмасуды бұзады. Кейбір өнімдер жануардың денсаулығы үшін өте қауіпті, мысалы, шоколад, алкоголь, жүзім, шикі жұмыртқа және басқасы.

Құрғақ және ылғалды азықты үйлестіріп беріңіз

Жануардың денсаулығын сақтау үшін оның рационында құрғақ және ылғалды азық болуы тиіс. Екеуі де теңдестірілген және толық рационды азық, алайда олардың кейбір маңызды айырмашылықтары бар.

Құрғақ азықтың ерекшеліктері:

  • Тісті тазартады және қызыл иекті уқалайды, тіс тасының және тіс өңезінің пайда болуына кедергі келтіреді.
  • Құрамында жасұнық мөлшері жоғары болғандықтан ас қорытуды жақсартады.

Ылғалды азықтың ерекшеліктері:

  • Ағзадағы су теңгерімін сақтау үшін ылғалы көбірек болады және несеп шығару жүйесіндегі аурулардың асқыну қауіпін төмендетеді.
  • Құнарлығы аз болғандықтан аз қозғалатын үй мысықтарының салмағын бақылауға көмектеседі — ылғалды азықта құрғақ азықпен салыстырғанда калориялар мөлшері 5 есе аз.

Кеңес: ылғалды және құрғақ азықты үйлестіру үшін мысығыңызға таңертең және кешке ылғалды азықтың бір қаптамасын беріңіз, ал күні бойы құрғақ азықпен тамақтандырыңыз.

Тамақты жасына қарай таңдаңыз

Өмірінің түрлі кезеңдерінде мысықтың ағзасында құнарлы заттарға деген түрлі қажеттіліктер болады. Сол себептен мысықтың тамағы оның жас ерекшеліктеріне қарай қажеттіліктерін ескеріп таңдалуы тиіс.

Марғаулардың тамақтануы:

Белсенді өсуі мен дамуын сақтау үшін марғаудың ағзасы мысықтың ағзасымен салыстырғанда ақуыз бен калорияны көбірек қажет етеді. Марғаудың рационында кальций мен фосфор мөлшерінің ерекше деңгейі болуы тиіс. Бұл минералдар ең алдымен қаңқасы мен тістерінің даму үшін қажет. Теңдестірілген азық осы тамақтану ерекшеліктерін ескереді.

Өсу шамасына қарай марғаудың азық көлемі артады.

2-3 ай:

Марғау үшін күнделікті норма — 215 ккал. Бұл норманы 15-20 г құрғақ теңдестірілген азық пен ылғалды азықтың 1,5 – 2 қаптамасы есебінен қамтамасыз етуге болады.

4-5 ай:

6-9 ай:

Марғаудың күнделікті нормсы 290 ккал дейін артады. Сіздің жануарыңыз марғауларға арналған 2,5 қаптама ылғалды азық пен 25 г құрғақ азық жеуі тиіс.

10-12 ай:

Күнделікті норма аса көбеймейді — 295 ккал. Жануарға марғауларға арналған 2,5 қаптама ылғалды азық және 25 г құрғақ азық бере беріңіз.

Ересек мысықтың тамақтануы (1 жастан бастап 7 жасқа дейін)

Осы жаста мысық марғаудың белсенді өсуіне қажетті болған көп мөлшердегі калорияны қажет етпейді. Ересек мысықтардың тамағында қалыпты зат алмасуды сақтау үшін оңтайлы мөлшерде минералдар болуы керек.

7 жастан асқан мысықтардың тамақтануы

Кәрі мысықтардың иммунитеті зат алмасудың баяулауынан төмендейді. Оны қалпына келтіру үшін азық антиоксиданттарға, атап айтқанда, Е дәруменімен байытылады. 7 жастан асқан мысықтарға арналған азықта жас мысықтарға арналған азықпен салыстырғанда минералдар (мыс пен мырыш) көп болады.

Мысықтың жеке ерекшеліктері туралы ұмытпаңыз

Піштірілген еркек мысықтар мен стерилденген ұрғашы мысықтарға арналған азықты ерекше мән беріп таңдаған дұрыс. Мұндай жануарларда зат алмасу өзгереді және азық, әсіресе, құрғақ азық құрамы бойынша басқа болуы тиіс.

Піштірілген жануар салмақ қосуға бейім болады, сондықтан стерилденген ұрғашы мысықтарға арналған құрғақ азықта калория аз болады. Сонымен қатар онда несеп шығару жүйесіндегі аурулардың алдын алуға арналған минералдардың ерекше теңгерімі болады. Жас келе осындай аурулардың қауіпі артады.

Стерилденген ұрғашы мысықтың рационында ылғалды азық та болуы тиіс, ол әдеттегідей болуы мүмкін, өйткені өзімен-өзі несеп тас ауруының алдын алу үшін пайдалы.

Тамақтың түрлі болуын қадағалаңыз

Мысықтың дәм рецепторлары жақсы дамыған, сол үшін ол үнемі жаңаға ұмтылады, және оны тіпті сүйікті азығы да жалықтыруы мүмкін. Жануарды сіз жаңа дәмдермен қуанта алатындай, Whiskas таңдауыңызға азықтардың түр-түрін ұсынады. Азықтар топтамасы дәмдердің әр түрлі болуымен (тауық, балық, сиыр еті, бақтақ және т.б.) және құрылымымен ерекшеленеді: рагу, тоңба, паштет, дәмді тамақ түрінде қоспасы бар жастықшалар және тағы көптеген түрлері.

Мысығыңыздың алуан түрлі тамаққа қажеттігін қанағаттандыру үшін оған әр түрлі азық беріңіз.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Мысықтарға сүйек жеуге бола ма?
Мысықтарға сүйек жеуге бола ма?

Мысықтар кез келген тамаққа және тіпті сүйектерге де қызығушылық танытады. Оларды мысыққа беруге бола ма, соны талқылайық.

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)