Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Ұрғашы мысықты стерилдеу немесе еркек мысықты піштіру

Ұрғашы мысықты стерилдеу немесе еркек мысықты піштіру

Ерте ме, кеш пе ұрғашы немесе еркек мысықтың иесін стерилдеу немесе піштіру жайлы мәселе мазалайды. Осы емшаралар туралы көбірек білейік.

Еркек мысықты піштіру керек пе?

Операция туралы шешімді ветеринар дәрігердің сіздің жануарыңызға қатысты берген кеңестеріне қарап қабылдау керек.

Әдетте еркек мысықтарды жыныстық жетілу уақытына дейін (5-10 айда) піштіреді. Операция алдында сіз жануарды емханаға әкеліп, дәрігермен кеңесіп, анализдерге жолдама алуыңыз тиіс. Олардың нәтижелері жануарыңыздың жағдайы туралы және операцияны тура қазір жасау мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Операция жалпы наркозбен жасалады.

Ұрғашы мысықты стерилдеу керек пе?

Мысықтар операция алдында ұқсас емшаралардан өтеді: кеңес алу, вакцинация және анализдер өткізу. Стерилдеу туралы шешімді ветеринарлық дәрігер қабылдайды. Ұрғашы мысықтардың операция жасайтын жасы — 6-9 ай.

Стерилдеу піштіруден ұзағырақ өтеді және жануардың сауығу мерзімінмен өзгешеленеді Жануарға үстінен бекітілетін жабу киіледі, катетер қойылып, үйге жіберіледі.

Операциядан кейін алғашқы күндері мысықтың жанында болуға тырысыңыз. Анестезия әсері біткеннен кейін жануар мазасыздануып, қараңғы бұрыш пен жоғарыдан орын іздеуі мүмкін. Стресстен мысық уақытша су мен тамақтан бас тартуы мүмкін. Операциядан кейін дәрігер күтім жасау бойынша кеңестер және тігістерді тазалауға арналған дәрілер рецептін береді.

Еркек мысықтарды піштіру мен ұрғашы мысықтарды стерилдеудің артықшылықтары

  • тынышталу — жыныстық гормондардың саны агрессиямен және серік іздеумен бірге азаяды;
  • татулық пен ойнақылық;
  • белгілер қоюды тоқтату;
  • онкологиялық аурулар қауіпінің төмендеуі;
  • жануар ұзағырақ өмір сүреді.

Еркек мысықтарды піштіру мен ұрғашы мысықтарды стерилдеудің кемшіліктері:

  • несеп жолында тас ауруының пайда болу қауіпі артады, өйткені жануарлар дәретке әдеттегіден сирек отыратын болады;
  • белсендігі төмендейді — белгілерді жаңарту үшін аумақты қайта айналудың қажеті жоқ;
  • зат алмасу баяулайды, салдарынан семіздік ықтималдығы артады.

Піштірілген еркек мысықтар мен стерильденген ұрғашы мысықтарда несеп тас ауруы дамуының қатерлі факторлары:

  • тұқымдық және жыныстық бейімділік (парсы, гималай, британ және шотланд салпаңқұлақ тұқымды мысықтар осы ауруға бейім);
  • жасы;
  • белсендігі аз тіршілік (әсіресе пәтерде тұратын еркек мысықтар үшін);
  • суды аз ішу;
  • дұрыс тамақтандырмау;
  • несеп құрамының өзгеруі, кейбір жағдайда — несеп шығару жолдарының инфекциясы.

Піштірілген еркек мысықтар мен стерильденген ұрғашы мысықтардың семіру себептері:

  • физикалық белсенділіктің төмендеуі;
  • артық тамақ жеп қою.
  • Піштірілген еркек мысықтардың немесе стерильденген ұрғашы мысықтардың қуатқа қажеттіліктері піштірілмегендерден төмен, сондықтан жануардың рационын өзгерту керек.

Операциядан кейінгі рацион

Піштірілген немесе стерильденген жануарларға арналған арнайы азықта калория әдеттегіден аз болады. Онда 5 минерал теңдестірілген — кальций, магний, фосфор, калий мен натрий. Ақуыз, дәрумендер мен минералды заттардың оңтайлы мөлшері бар. Ал жасұнық пен протеиннің жоғарғы деңгейі қанығу сезімін береді.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)