Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Мысықта бүрге бар екенін қалай түсінуге болады

Мысықта бүрге бар екенін қалай түсінуге болады

Тіпті сіздің мысығыңыз пәтерден еш уақытта шықпаса да, бұл оның бүргеден қорғаулы екеніне кепілдік бермейді. Оларды қалай анықтау керектігін талқылайық.

Бұл паразиттер өте кішкентай — шамамен 3 мм. Алайда олар өте төзімді: олар едендердің қуыстарында немесе басқа жасырын орындарда тығылып, бір жарым жылға дейін ашыға алады. Жануардың иесі бүргені аяқкиім табанымен немесе киіммен әкелуі мүмкін. Бұндайда бүргенің секіру ұзындығы 30 см құрайды, ал жәндіктің өзі ұсақ болғандықтан бұл секіргені адамның көзіне көрінбейді.

Бүрге қандай болады

Ctenocephalides felis немесе мысық бүргесі — мысықтар зардап шегетін ең кең таралған бүргенің түрі. Жұмыртқалары бар ұрғашы бүргенің ұзындығы 1,5 см болуы мүмкін, бірақ орта есеппен бүргенің өлшемі — 2-3 мм. Олардың түсі қаралау және бүйірлері жіңішке. Мұндай пішін бүргелерді зақымданбайтындай етеді: оларды саусақпен жаншу қиын. Бүргенің тістегені қатты ауырады. Бүрге тістеген кезде құрбанының қанын ішеді.

Бүргенің барын қалай анықтауға болады

Мысықта бүрге пайда болғанын білдіретін бірнеше белгі бар

  • Мысық кенеттен және жиі қасынады, терісіне тісін батырады, денесінде тырнағаннан жаралар пайда болады. Егер жануарды ақ қағазға қойса мысықтың терісінен қара-қоңыр қоқымдар түседі. Бұл қоқымдар — бүргенің нәжісі. Оған көз жеткізу үшін қоқымдарға су себіңіз, олардың іздері қоңыр қызыл түске боялады.
  • Мысық жүнінің астында бүргелердің өзі немесе қара тозаң болады — терідегі бүрге нәжісінің көрінісі осындай. Оларды майда тісті тарақтың көмегімен мысықтың жүнін бірнеше жерден ашқан кезде анықтауға болады.

Нақты үкім шығару үшін ветеринарға қаралыңыз.

Алғашқы белгілер пайда болғанда диагностиканы бастаған дұрыс. Бүргенің шаққаны мысықты неврозға жеткізіп, ал бүргелердің өзі мысық иесіне де қауіп тудыруы мүмкін. Мысық бүргесі адам үшін де қауіпті болуы мүмкін. Егер сіз марғаудың терісінен бүргені байқасаңыз, ветеринарға қаратыңыз — барлық бүргеге қарсы дәрілер марғауларды емдеуге келе бермейді.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)