Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Мысықтың ауырғанын қалай білуге болады

Мысықтың ауырғанын қалай білуге болады

Әдетте аурулар клиникалық белгілермен байқалады. Олардың кейбірі анық, басқалары — онша байқалмайтын, ал кейбіреулері — әдеттен тыс болады.

Жіті белгілер

Жіті белгілер айтарлықтай айқын байқалады. Оларға жатқызылатындар: лоқсу, диарея, әлсіздік, су мен тамақтан бас тарту, жөтел, түшкіру, көздегі былшық, демікпе, қатты қышыну, құлақтан шыққан бөлінділер, жаңа өскіндердің пайда болуы, ұзақ іш қату, несеп шығара алмау, қозғалыс үйлесімдігінің бұзылуы, дене қызуының артуы. Егер мысықта бір немесе бірнеше белгі пайда болса, шұғыл ветеринарлық емханаға жүгіну керек.

Онша байқалмайтын белгілер

Кейбір аурулар онша байқалмайтын белгілермен өтеді — ауру созылмалы немесе баяу өтетінімен сипатталады. Байқалмайтын белгілерге жатқызуға болатыны: ара-тұра лоқсу, біртіндеп салмақ жоғалту немесе жинау, тәбеттің төмендеуі немесе артуы, әдеттерінің өзгеруі, белсенділігінің сәл төмендеуі және шаршау. Созылмалы ауруларды уақтылы анықтау үшін жыл сайын мысықты ветеринарға көрсетіңіз. 7 жастан асқан кезде байқалмайтын ауруларды анықтау үшін қан мен несеп анализдерін тапсырған дұрыс.

Әдеттен тыс белгілер

Көптеген аурулар әдеттен тыс көрінуі мүмкін және жүріс-тұрысының бұзылуы немесе «кеселді мінез» ретінде дұрыс қабылданбауы мүмкін. Әдеттен тыс белгілердің арасынан келесілерді белгілеуге болады: дәретхана ыдысын пайдаланғысы келмеуі немесе үнемі тыйым салынған жерде кіші дәретке отыруы, түнде артық белсенділік таныту, кенеттен себепсіз агрессияның пайда болуы, қожайынымен ойнағысы келмеуі, физикалық байланыстан қашқақтау, тығылуға тырысу және жасырын жерлерде уақыт өткізу. Мұндай белгілердің себебі несеп шығару жолындағы инфекциялар, гормондық аурулар, қант диабеті, артриттер, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі болуы мүмкін.

Мысық өзін жайсыз сезінгенде ол өз белсенділігін төмендетуге тырысатынын және мүлдем қозғалмайтынын есте сақтаңыз. Мысық ауырса, оның мияулағанын немесе айқайлын естуіңіз екіталай. Егер сіз жануарыңыздың жүріс-тұрысында өзгерістер байқасаңыз — ол сізді қарсы алмаса немесе ойнамаса, онда оны клиникаға апарған дұрыс.

Үйдегі диагностика

Мысықты үнемі өз бетіңізбен қарап отыруға кеңес береміз. Көзі мен тұмсығының тазалығы мен мөлдірлігін, жүні мен тырнағының жағдайын тексеріңіз, құлағы мен аузын қараңыз, қызыл иек пен шырышты қабаттарының күйін қараңыз, тістерінде өңез немесе тас жоқ па, мысықтың бүкіл денесін, соның ішінде қабырғасы мен омыртқасын қарап ұстап көріңіз. Мысықтың барлық сүт бездерін қараңыз, аяқ қолын буындарға бүктеп көріңіз, жастықшаларын басып көріңіз, құйрық астындағы органдарды қараңыз, ақырындап саусақпен бүкіл омыртқасы мен құйрығынан жүргізіп шығыңыз. Мысықтың белсендігін және оның тәбетін қадағалаңыз, ыдыстағы нәжіс мөлшерін және сапасын тексеріңіз. Ең болымсыз нәрселер мысықтың ауырғанының белгісі болуы мүмкін. Егер мысықтың денсаулығына қатысты шағын болса да, күмәніңіз бар болса, ветеринарға жүгініңіз.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)