Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Мысықта ішек құрты бар екенін қалай анықтауға болады

Мысықта ішек құрты бар екенін қалай анықтауға болады

Тіпті үйде тұратын сіздің сүйікті жануарыңызда да паразиттер болуы мүмкін. Мысықтың денесінде жағымсыз қонақтардың пайда болғанын білдіретін белгілерді біліп алайық.

Мысықтардың ішек құрттарының негізгі түрлері:

1. Таспа құрттар

Түсі — ақшыл сары, пішіні — жалпақ сегменттелген, ұзындығы — 10-70 см. Жұмыртқалары күріш дәндеріне ұқсайды.

2. Домалақ құрттар

Ұзындығы — 5-10 см, пішіні кеспе сияқты.

3. Анкилостомалар

Ұзындығы 1 см аз, әдетте көзге көрінбейді, өйткені ішек қабырғаларына ілмек тәрізді аузымен жабысып тұрады.

Ішек құрты болғандағы белгілер:

Бөшке тәрізді қарын — нығыздалған және тығыз. Алайда қалған денес ірі болып көрінбейді.

Жорта арық омыртқа — ісінген ішіне қарама-қарсы. Егер мысықтың дені сау болса, оның омыртқасын майлы қабат жауып тұрады. Ауру жануардың омыртқалары үшкір және шығыңқы.

Жүні өңсіз және ұйысып қалған.

Кезекпе-кезек іші қатып, өтеді. Нәжісінен кейде паразиттерді немесе ішек құртының жұмыртқаларын көруге болады.

Анемия — жануар анкилостомаларды жұқтырған жағдайда пайда болады. Бұл паразиттер асқазанның қабырғаларына жабысады, сондықтан жануар үнемі қан жоғалтады. Анемияның болғанын қызыл иектің түсінен байқауға болады. Дені сау жануардың қызыл иегі қызғылт, ауру жануарда — ақ, сұр немесе күңгірт-қызғылт болады.

Артқы тесіктегі қышыма — ағзасында паразиттер көп болғандықтан мысық құйрығына отырып жорғалауы мүмкін.

Көз бұрышында кепкен қабықтардың болуы.

Диагностика және емдеу

Паразиттерден тиімді емдеу үшін ең алдымен біз дәл қандай түріне тап болғанымызды анықтауымыз керек. Паразиттерден емдеуге арналған дәрілер бір паразиттерге әсер етіп, басқаларына қарсы пайдасыз болуы мүмкін. уПаразиттердің түрін анықтау үшін мысықтың нәжісін анализге тапсыру керек: онда ішек құртының жұмыртқалары немесе олардың бөліктері болуы мүмкін.

Профилактика

Нәжістегі ішек құртының іздері әрдайым байқала бермейді, сондықтан ішек құртынан емдеудің ең жақсы әдісі — оның алдын алу. Шамамен тоқсанына бір рет, бірақ жылына кем дегенде бір рет ветеринармен бірге жануарыңыз үшін құрт айдайтын дәріні таңдаңыз.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)